Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың барлық ауданын аралап шықты

Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың барлық ауданын аралап шықты

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың облыстың  аудандарына қорытынды іссапары – атақты жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың туған жерінде өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

СҚО әкімі сапар барысында Бәйтерек ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Булаево қаласындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында және Жастар ауылындағы сүт фермасында болды. Сондай-ақ Жастарда су тарату желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның арқасында ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Советское ауылында облыс басшысы «СК Агро-2050» серіктестігінің қырман басында аудан диқандарымен жүздесті. Кездесуде өткен орақ науқанының қорытындылары мен өнімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді талқылады. Ауылда мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін ауыл тұрғындарының бос уақытын өткізетін көпфункционалды орынға айналды. Мұнда өңір басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

 

 

Shares