Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын және Ғабит Мүсірепов ауданында болды

Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын және Ғабит Мүсірепов ауданында болды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың аудандарды аралауы жалғасуда. Бұл жолы аймақ басшысы Шал ақын және Ғабит Мүсірепов ауданында болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Сергеевкада Шал ақын ауданының тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде жылу қазандығын салу және қалаішілік жолдарды жөндеу мәселелері көтерілді. Аудан орталығында биыл заманауи сүт фермасы және жабық хоккей корты іске қосылады.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда өңір басшысы Червонное ауылына соқты. Мұнда мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, сүт фермасы тұрғызылуда. Ал Ставрополка ауылында су торабы мен желілер салынып, 80 үй мен нысандар жүйеге қосылды. Ставрополка тұрғындарымен кездесуде елді мекенді дамыту мәселелері талқыланды. Новоишимкада жаңа қазандық салынды, жылу желілерін тарту бойынша жоба жасалды. Барлығы 130 нысан орталық жылуға қосылады.

“Сапар аясында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның диқандарымен кездестім, әңгіме барысында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтылды. Облыстағы ең үлкен сүт фермасы болып саналатын – “Возвышенка СК” серіктестігінің де жұмысымен таныстым”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Shares