Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Интернационал көшесі, 21 мекен жайында орналасқан жатақхана тұрғындары электр қуатын ұрлағаны үшін электр желісінен ағытылып тасталды

Интернационал көшесі, 21 мекен жайында орналасқан жатақхана тұрғындары электр қуатын ұрлағаны үшін электр желісінен ағытылып тасталды

Жыл сайын «СҚ ЭЖТК» АҚ тұтынушылар арасында электр энергиясын ұрлау фактілерін анықтайды. Тек 2023 жылдың басынан бері электр энергиясын келісімшартсыз пайдаланудың 40-тан астам фактісі анықталды. Көрсеткіш қайта есептеу кезінде 1,3 млн кВт/сағ құрады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұл тізімде 2021 жылдың ақпанында газ баллоны жарылып, ғимарат ішінара қираған Интернационал көшесі,  21 мекен жайында орналасқан жатақхана да бар. Жатақхананы электрмен қамтамасыз ету үшін «СҚ ЭЖТК» АҚ өрт салдарынан зақымданған тұтынушылардың кабельдік желілерін өз бетінше қалпына келтірді. Осы жұмыс барысында мамандар келісім-шартты одан әрі рәсімдеу, электр энергиясын есепке алу және төлеу үшін электр энергиясын есепке алу аспаптарын қосымша орнатыпты.

«Ағымдағы жылдың қыркүйегінде жатақханада кезекті тексеру жүргізіліп, жалпы аумақтарда жүктеменің үлкен екені тіркелді. Тұрғындар қолданған электр қуаты үшін ақша төлемеген, сол себепті ажырату орын алды. Біз тұрғындармен бірнеше рет кездесіп, келісім жасау үшін не істеу керектігін түсіндірдік: басқару органын құру, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу, содан кейін техникалық құжаттаманы тіркеу үшін электр желілері компаниясына хабарласу керек болатын. Өкінішке қарай, құқық белгілейтін құжаттарсыз жалпы аумақтарды электр қуатымен қамтамасыз ету мүмкін емес. Өйткені оны есепке алу және төлеу қажет. Бұл – кез келген үй иелерінің тікелей міндеті», – деп толықтырды компания.

 

Shares