Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Көшедегі төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды

Көшедегі төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды

4 қараша күні түскі 12 шамасында Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» жедел арнасына Назарбаев көшесі бойындағы 138-үйдің ауласында төбелес болып жатқаны хабарланған.

Ер адамдар арасында жанжал болғаны анықталды. Оның нәтижесінде 34 жастағы петропавлдық бейтаныс қала тұрғынына дене жарақаттарын келтірген. Түрлі жарақаттар алған 45 жастағы ер адамды жедел жәрдем бригадасы қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізіпті.

“Дәл осы күні бұл факті бойынша ҚР ҚК 107 бабының 2 бөлігі 5 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады”,- деп мәлімдеді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440 бабының 3 бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда және ерекше бақылауда.

 

Shares