Мемлекет есебінен бизнес
Биыл өңірде 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында 400 АЕК-ке дейінгі сомада 273 грант берілді. Бұл жобаға қатысушылардың бірі – солтүстікқазақстандық Евгения Исаева, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Байқауға қатысу үшін Евгения цифрлық платформа арқылы интерьер бұйымдарын шығаратын цех ашу үшін грантқа өтінім берген.
Байқау қорытындысы бойынша комиссия көлемі 1 миллион теңгенің маңайында грант беру туралы шешім қабылдады. Алған қаражатқа азаматша бизнес жобасын жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдықтар сатып алды.