Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыс әкімі қар тазалау техникасының дайындығын тексерді

Облыс әкімі қар тазалау техникасының дайындығын тексерді

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қар тазалау және құтқару техникасының дайындығын тексерді. Петропавлда қыста қар тазалауға барлығы 300 дейін техника жұмылдырылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Қарды шығаруға жауапты мердігерлермен кездестім. Қыста көшелерді тазалау кезінде үйлесімді және жедел жұмыстың маңыздылығын атап өттім. Тұрғындардың қолайлығы мен қауіпсіздігі үшін көшелер мен жаяу жүргіншілер жолына құм-тұз қоспасы және реагенттер себуді әрдайым жүргізіп тұру керек”,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Shares