Облыстың 202 ауылы орталықтандырылған сумен жабдықталмаған
Облыстық прокуратура қабырғасында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған қатысушылар облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін қарастырды. Отырыста айтылғандай, 42,5 мың халқы бар облыстың 202 ауылы орталықтандырылған сумен жабдықталмаған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Облыстың сумен жабдықтау жүйесінің жалпы тозуы 35% құрайды, ең жоғары көрсеткіш Петропавл (58,2%), Ақжар (49%) және Аққайың аудандарында (43%) тіркелді.
Сондай-ақ кеңес отырысында сумен жабдықтаудың жекелеген көздерінің иесіздігі мен санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі, суды тұтынуға бекітілген тарифтердің жоқтығы, сондай-ақ нысандарды сапасыз және ұзаққа созылған қалпына келтіру мәселелері айтылды.
Талқылау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға, табиғи монополиялар субъектілеріне және СЭС органдарына жағдайды жақсарту және облыстың әрбір тұрғынын сумен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.