«ПАМЖЗ» АҚ-да кәсіптік шеберлік сайысы өтті
Петропавл ауыр машина жасау зауытында кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға әрбір цехтің үздік темір ұсталары, білдек мамандары және дәнекерлеушілері қатысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Байқау жұмысшылардың еңбек өнімділігін, орындалатын жұмыс сапасын және біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді.
Тапсырманы орындау үшін техникалық бөліммен қажетті сызбалар ұсынылды, қатысушыларға тапсырманы орындауға уақыт берілді, әрбір қатысушыға бақылаушы бекітілді. Орындалған жұмыстардың сапасын Никкел Светлана Генадьевнаның жетекшілігімен арнайы бөлім тексерді.
Байқау қорытындысы бойынша әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:
Темір ұсталары арасында:
1 орын – Виталий Александрович Мыльников, құрастыру-механикалық цехтың 5 разрядты темір ұстасы.
2 орын – Сергеев Дмитрий Сергеевич, дайындау цехының 5 разрядты темір ұстасы.
3 орын – Трифонов Максим Васильевич, дайындау цехының 5 разрядты темір ұстасы.
Білдек операторлары арасында:
1 орын – Лапшин Сергей Александрович, құрастыру – механикалық цехтың 6-разрядты маманы.
2 орын – Камалов Виталий Андреевич, бағдарламамен басқарылатын білдектердің операторы,
3 орын – Васильченко Александр Александрович, дайындау цехының 6 разрядты маманы.
Электр және газ дәнекерлеушілерінің арасында:
1 орын – 4 разрядты электр және газ дәнекерлеушісі Витковский Денис Сергеевич.
2 орын – дайындау цехының 6 разрядты электр-газ дәнекерлеушісі Чищенко Александр Викторович.
3 орын – Роман Сергеевич Ковшов, құрастыру-механикалық цехтың 6-разрядты электр-газ дәнекерлеушісі.
Байқау жеңімпаздары бірреттік ақшалай сыйлықпен марапатталды.