Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласының әкімдігі жауапсыз мердігермен келісімшартты бұзды

Петропавл қаласының әкімдігі жауапсыз мердігермен келісімшартты бұзды

Петропавлда 47 үй салынып жатыр. Оның 18-і – бюджеттік, 29-ы – коммерциялық. Негізгі құрылыс учаскелері «Жас өркен», «Орталық», «Береке» және «Қопай» шағын аудандарында шоғырланған. Биыл 20,2 мың отбасыны баспанамен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қазір 16 көпқабатты үйде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту жұмысы жүргізілуде. «Береке» шағын ауданындағы халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін 600 пәтерлі үйлерде де абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл объектілерде өз міндеттерін уақытында орындай алмаған мердігерлер жұмыс істеген.

«Береке ықшам ауданындағы 6 көпқабатты тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу және аумағын абаттандыру бойынша шілде айының соңында құрылыс жұмыстарының бірнеше рет кешіктірілуіне байланысты мердігер «Мөлдір» ЖШС-мен келісім-шарт бұзылды. Қазіргі уақытта жұмысты аяқтау үшін «Еңбек» МКК-мен келісім-шарт жасалды. Аяқталу мерзімі – 2023 жылдың қазан-қараша айлары», – деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Shares