Петропавлда 10 коммерциялық тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында инвестиция тарту және коммерциялық құрылыс белсенді дамып келеді. Қазіргі таңда Петропавл қаласында 10 көпқабатты тұрғын үй кешені салып жатыр, деп хабарлайды QZ News.
Бұл үйлер заманауи стандарттарға сай салынуда және «ақылды үй» технологиялары (smart құлып, Face ID, түтін шығу мен су кету туралы ескерту жүйелері) енгізілуде. Бұл өз кезегінде өңірдегі тұрғын үй құрылысының жаңа трендтерін қалыптастырып отыр.
Сонымен қатар, Петропавл қаласында әлеуметтік нысандардың да құрылысы жүргізілуде. Қазір Жас Өркен шағын ауданында мұз сарайы салынып жатыр. Жаңа кешенде мұз аренасы, бассейн, мини-футбол залы және жаттығу аймағы болады.
«Облыс орталығының тұрғындары мен спортшылары бұл нысанның ашылуын асыға күтуде. Мұз сарайы қалада бұқаралық спортты дамытуға үлкен үлес қосатын болады», – деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.