Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 19 жастағы жігіттің денесі табылды

Петропавлда 19 жастағы жігіттің денесі табылды

9 қазан сағат 17:08-де Петропавл қалалық полиция басқармасының “102” арнасына Қазақстан Конституциясы көшесі бойында орналасқан ғимараттан алыс емес жерде ер адамның мүрдесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Ол облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. 9 қазан күні туыстары полицияға жүгініп, оны із-түссіз жоғалды деп іздеу жариялаған. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Полиция қызметкерлері оқиғанының барлық мән-жайын анықтап жатыр”, – деп хабарлағы ПД баспасөз қызметі.

Shares