Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 51 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Петропавлда 51 жастағы әйелді көлік қағып кетті

23 қазан күні кешкі 7 шамасында Чайковский көшесі бойында орналасқан 7-ші үйдің алдында 34 жастағы «Volkswagen Sharan» жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды QZ тілшісі.

51 жастағы зардап шегуші жедел жәрдеммен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді.

Жүргізуші медициналық тексеруге жіберілді.

«Алдын ала болжам бойынша ол сау күйде болған. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша іс материалдары тергеу және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық ПБ-ның әкімшілік полиция бөліміне жіберілді», – деп хабарлады СҚО ПД.

Shares