Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда автобустардың бағыты өзгерді

Петропавлда автобустардың бағыты өзгерді

Облыс орталығындағы Егемен Қазақстан көшесінің бойы мен Жұмысшы кентіне апарар айналма жолды жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір автобустар бағытын өзгертті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

№ 4М, 7, 8М, 16 бағыттағы автобустар:

Бөкетов көшесімен жүрген бұл автобустар Егемен Қазақстанға бұрылып, Брусиловский-Парк-Жамбыл-Айналма жол-Караван көшелерімен жүретін болады.

№26М автобусы.

Бөкетов көшесінен Егемен Қазақстанға бұрылғаннан кейін Брусиловский-Парк-Партизан-Универсал-Васильев-Труд көшелерімен қатынайды.

№31М автобусы.

Автобус Бөкетов көшесінен Егемен Қазақстан көшесіне бұрылып, Брусиловский-Парк-Партизан-Универсал көшелерімен Южный базарына дейін жолаушы тасымалдайды.

№42М бағытындағы автобус.

Бөкетов көшесінен Егемен Қазақстанға бұрылғаннан кейін Брусиловский-Парк-Жамбыл-Айналма жол-Гудок көшелері бойынша әрі қарай өтіп, кейін кері қозғалады.

 

 

 

 

Shares