Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ауқымды күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Петропавлда ауқымды күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

4 қарашада барлық аудан мен Петропавл қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Ол М.Жұмабаев көшесі бойында (Интернационал көшесінен Пионерская көшесіне дейін) және Космонавтов 79/1 мекенжайында өтеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жәрмеңке таңғы сағат 09:00-де басталып, кешкі 16:00-ге дейін жалғасады. Оған 100-ден астам аймақтық кәсіпорын қатысады. Өнім бағасы нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен болады. Сөрелерге мына өнімдер қойылады:

Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем (астық қалдықтары, кебек);

Ет және шұжық өнімдері;

Сүт және сүт өнімдері;

Ұн және жарма;

Макарон және кондитерлік өнімдер;

Бал және ара шаруашылығы өнімдері;

Жұмыртқа;

Картоп пен көкөністер;

Балық өнімдері.

 

Shares