Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Цифрландыру күніне және Оқушылар сарайының 5 жылдығына арналған хакатон өтеді

Петропавлда Цифрландыру күніне және Оқушылар сарайының 5 жылдығына арналған хакатон өтеді

8-9 қараша күндері Петропавлда Цифрландыру күніне және Оқушылар сарайының 5 жылдығына арналған Хакатон өтеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ауқымды шараға қатысуға 15 пен 22 жас аралығындағы барлық IT мамандары шақырылады. Солтүстік Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасында атап өткендей, орын саны шектеулі.

15 пен 22 жас аралығындағы қатысушылар Хакатонның негізгі тапсырмасы мен қосалқы тапсырмаларын 24 сағат ішінде орындап, орындалған тапсырманың презентациясын дайындап, қазылар алқасына ұсынуы керек. Ал хакатонның тапсырмасы оқиға күні жарияланады.

«Қатысушылар өз командасын ноутбукпен дәне зарядтағышпен қамтамасыз етуі керек. Іс-шара 30 сағат ішінде бірнеше кезеңде өтеді. 8 қарашада сағат 9:00-де басталып, 9 қарашада сағат 15:00-де аяқталады. Жарысқа қатысушылардың барлық командалары 15-18 және 19-22 жас санаттарына бөлінеді. Әр жас санатындағы жеңімпаз ақшалай сыйлық алады. Жеңімпаздар 2023 жылдың 10 қарашасында Цифрландыру күнінде марапатталады», – деді Солтүстік Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы.

Хакатонға қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 7 қарашасына дейін https://forms.gle/xN3QbXvzhBpAonAv6 сілтемесі арқылы қабылданады.

 

Shares