Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда екі қабатты үй, гараж және көлік өртеніп кетті

Петропавлда екі қабатты үй, гараж және көлік өртеніп кетті

13 қазан күні Зеленая 28 Б мекенжайы бойынша орналасқан 2 қабатты жеке үйде өрт болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт салдарынан толықтай 2 қабатты тұрғын үй, Jac автокөлігі мен гараж жанып кетті.

«Жалпы өрт аумағы – 180 ш.м. Өрт 21:57-де оқшауланып, 22:18-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар қызметінің күштері (жеке құрамның 24 адамы мен 7 бірлік техника) жұмыс істеді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Shares