Петропавлда электр скутер жүргізушілері бір күнде 10-ға дейін ЖҚЕ бұзады
Облыс жолдарында күшейтілген рейдтерді СҚО полицейлері жүргізеді. Назар аймағында – электр скутерлері және басқа да шағын көліктер бар. Олар сәнге тез енді, әсіресе жастар арасында. Өкінішке қарай, оларды қолдануға бәрі бірдей жауаптылықпен қарай бермейді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жолаушыларды тасымалдамау талабы жиі бұзылады. Петропавл көшелерінде екі адамнан электр скутерлерін мінген жастарды немесе жас балаларды өздерімен бірге алып жүретін ата-аналарды көруге болады. Сондай-ақ, жол бойымен қозғалу кезінде скутер тізгініндегі жандар қорғаныс шлемін пайдаланбайды. Жаяу жүргіншілер өткелін онымен кесіп өтуге тыйым салынғанын да білген жөн.
“Бұлай жасау жол қозғалысының барлық қатысушыларына үлкен қауіп төндіреді. Полиция қызметкерлері күн сайын рейдтер жүргізеді, күніне орта есеппен 5-тен 10-ға дейін бұзушылықты анықтайды. 30 тамыздан бастап, электр скутерлерін пайдалану ережелері енгізілгеннен бері, 138 жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 22 адамға айыппұл салынды, қалғандары ескерту алды. Алдағы 3 күнде мұндай рейдтер күшейтілетін болады”, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.
Полицейлер еске салады: кез-келген санатты басқаруға құқығы бар 18 жасқа толған адамдар ғана жол бойында скутермен жүре алады. Тротуарлар бойымен жүруге 16 жастан бастап рұқсат етіледі. Бұл ретте жаяу жүргіншілерге кедергі жасауға тыйым салынады. Шағын электр көліктерін пайдаланатын кез-келген адам жол ережелерін білуі және қатаң сақтауы керек.