Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ерекше балаларға арналған қайырымдылық акциясы өткізілді

Петропавлда ерекше балаларға арналған қайырымдылық акциясы өткізілді

Қазан – даун синдромы туралы Дүниежүзілік хабар тарататын ай. Осы орайда, Петропавлдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Біздің қайырымдылық акциямыздың мақсаты – ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін мереке жасау. Оларды кейбір мәселелерден, мүмкін күнделікті мәселелерден алшақтатуға мүмкіндік жасағымыз келеді. Демалу, көңіл көтеру, бірге ойнау. Мұндай іс – шаралар отбасылардың бірлігін арттырады, қиын сәтте жиналуға көмектеседі”, – дейді балалар ойын-сауық орталығының менеджері Анна Фролова.

Қазан айында қосымша хромосомасы бар адамдар туралы айту дәстүрге айналған.Олар барлығы сияқты өмір сүріп, жетістікке жетуді қалайды.

Жақында Түркиядан оралған, жеңіл атлетикадан жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған жергілікті “Солнечный Дом” қорының балалары жарқын мысал бола алады. Балалар орталығының өкілдері қайырымдылық акциясын алғаш рет өткізуде. Ойын-сауық бағдарламасына аниматорлардың ойындары, кафеде шай ішу және естелік фотосессия кіреді.

Shares