Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда кәріз коллекторында апат болды

Петропавлда кәріз коллекторында апат болды

7 қарашада Жуков – Н. Назарбаев көшесі ауданындағы кәріз коллекторында бұзушылық анықталды. Бұл коллектор 1956 жылы салынған. Ол 19-шы, 20-шы шағын аудандардан, Жұмысшы кентінен, Береке шағын ауданынан, вокзал маңынан, сондай-ақ Нефтепроводной көшесі бойындағы өнеркәсіптік аймақтан ағындарды жинайды, – дейді QZ Media тілшісі.

Жабдықтың әбден тозуына байланысты зақымдану жағдайлары жиілеп кетті. Коллектордың толық тоқтап қалуын болдырмау үшін учаскені шұғыл жөндеу қажет.

“Қала әкімдігі коллекторға жедел жөндеу жүргізу үшін жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Қазір тиісті құжат НҚА порталында қаралуда. ТЖ режимі 9 қарашадан бастап енгізіледі. Коллекторды тексеру жүргізілді, “Қызылжар Су” ЖШС күрделі жөндеуге кірісуде. Мәселе облыс пен қала басшылығының бақылауында”, – деп атап өтті Петропавл қаласы әкімі Серік Мұхамедиев.

Shares