Петропавлда «Комиссар Жүргенов» атты кітаптың тұсаукесері өтті
Қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай белгілі жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбайдың «Комиссар Жүргенов» атты жаңа кітабы жарық көрді. Шығарманың тұсаукесері С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Шығармада Темірбек Жүргеновтің қиын тағдыры, ел игілігі жолындағы жанқиярлық еңбегі мен қуғын-сүргін кезеңі суреттеледі. Шығарма авторы – Бейбіт Қойшыбайдың айтуынша, ол бір адамның тағдыры арқылы бүкіл халықтың тарихын, өмір тәжірибесін жеткізуге ұмтылған. «Комиссар Жүргенов» кітабы бірнеше тілде жарық көрді.
«Менің мақсатым – жеке адамның тағдырын мысалға ала отырып, бір оқиғаны баяндау, өзгелерге үйрету. Бұл кітап жас оқырмандарға пайдалы болады деп ойлаймын. Жастар жеке азаматтардың, қайраткерлердің тарихын, сондай-ақ еліміздің тарихын зерттеуі керек», – деп бөлісті еңбек авторы.