Петропавлда «Тұзақ» телехикаясының көрсетілімі болды
Петропавлда «Qyzylgar creative center» «Тұзақ» телехикаясының 1 бөлімінің көрсетілімі өтті. Туындының сценарий авторы, режиссері мен продюсері көрермендермен кездесті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
10 бөлімнен тұратын телехикаяда қазіргі қоғам дерті – ойынқұмарлық мәселесі қозғалған.Телехикая өмірде болған оқиғаларға сүйене отырып түсірілген. Мамандар фильмді қолға алмас бұрын құмар ойынының шырмауына түскен жандардың іс-қимылын зерттеп, сараптама жүргізген. Сондықтан түсірілімге дайындықтың өзі 1 жылға жуық уақытты алған.
«Неліктен бұл біз үшін маңызды, өйткені іс-шаралар кешені тек заңдық шектеулерді ғана қамтымайды. Бұл әлі де өте үлкен тәрбиелік жұмыс. Бұл орайда адамдармен тікелей кездесулер мен әңгімелесуден басқа, фильмнің де пайдасы мол. Сондықтан фильмнің түсірілім тобының бізге келгеніне ризамын», – деді облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев.
Мамандар фильмді қолға алмас бұрын құмар ойынының шырмауына түскен жандардың іс-қимылын зерттеп, сараптама жүргізген. Сондықтан түсірілімге дайындықтың өзі 1 жылға жуық уақытты алған.
«Ойынқұмар адамның жүзінде, жүрісінде, сөйлеген сөзінде лудоман екені білінбейді. Нашақор екенін білуге болады ғой. Ал ойынқұмар адам мен сияқты костюм шалбар киіп алып жүре береді. Ал ар жағында қандай мәселе жатқанын көп адам біле бермейді. Жүзі көрінгенбегеннен кейін ол мәселе жоқ сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде елімізде ойынқұмарлық біздің елімізде үлкен мәселеге айналып кеткен», дейді сценарий авторы Еркебұлан Әлімжанов.
Көрсетілімде аталмыш телехикаяның алғашқы бөлімі көрсетілді. Бұған дейін туынды Астана телеарнасында көрерменге жол тартқан еді. Жалпы, телехикаяның бір бөлімі 25 минуттан тұрады. Көрсетілімген келген көрермен сериал аяқталғаннан кейін екінші залға өтіп, өзара талқылап, әсерлерімен бөлісті.