Петропавлда “Жас ұстаз” атты жас мұғалімдердің өңірлік форумы өтті
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында “Жас ұстаз” жас мұғалімдердің өңірлік форумы өтті. Оған облыстың жүзден астам педагогы қатысты. Тәжірибелі спикерлер өз білгендерімен бөлісті, сонымен қатар шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
“Жас ұстаз” форумы алғаш рет өткен жылы қолға алынып, сәтті өтті. Сондықтан оны жыл сайын өткізуге шешім қабылданды.
Басты мақсат – жас педагогтарды одан әрі дамыту мен табысты мансапқа ынталандыру, деп қосты ұйымдастырушылар. Педагогтар түрлі қызмет саласындағы тәжірибелі спикерлерді тыңдай алды. Сонымен қатар, НЗМ оқытушыларының шеберлік сабақтарына қатысты. Жыл сайын облыс мектептеріне 400-ге жуық жас маман жұмысқа тұрады.
“Форум бағдарламасына келетін болсақ, біз мамандарға бірдеңе үйретуге тырысамыз. Біз олардың жас кезінен бастап байланыс орнатқанын қалаймыз. Қазір байланысты нығайтуға мүмкіндік бар. Әріптестер бір-біріне қоңырау шала алады және сұрақ қоюға мүмкіндік бар”, – деп атап өтті Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Эльвира Рахмаил.