Петропавлда жылыжай кешенінің құрылысы аяқталуға жақын
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы жаңа жылыжай кешенінің құрылысымен танысты. Жобаның жүзеге асырылуына жақын қалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жаңа нысан біздің климаттық ерекшеліктеріміз – ұзақ қыс пен қысқа күндізгі уақытты
ескере отырып жасалды. Жылытудың және суару қондырғыларының заманауи технологиялары қолданылды. Жылыжайды құру кезінде “Зеленый север” компаниясы көкөніс өсірудің соңғы тенденцияларын пайдаланды. Мұнда қияр, қызанақ пен салат жапырақтары өсіріледі. Алғашқы тұқым себу қазан айының екінші онкүндігіне жоспарланған.
“Кәсіпорында 60 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаның құны 7,2 млрд теңгені құрайды. Бұл жылыжайдың өнімі облыстың көкөніске деген қажеттілігін 30 пайызға өтейді”, – деп атап өтті облыс әкімі.