Петропавлдағы Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясында айтыскерлер сыныбы ашылды
Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясында айтыскерлер сыныбы ашылды. Айтыс – екі ақынның жай ғана тосын сайысы емес, ол – қазақ поэзиясының басты символдарының бірі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Шараның ашылу салтанатында белгілі ақын Қабдолла Бейісхан арнау жасады. Айтыскерлер әрқашан халықты толғандырып келген әлеуметтік мәселелерді көтереді.
Айтыскерлердің жаңа сыныбында балалар жүйелі түрде шеберлік шыңдайды 16 сағат бөлінген. Әзірге небәрі 8 оқушы іріктеліп алынды. Оқу қыркүйектен мамырға дейін өтеді.