Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы балабақшасының қызметкерінен туберкулез анықталды

Петропавлдағы балабақшасының қызметкерінен туберкулез анықталды

Білім басқармасына Петропавл қаласындағы «БАЛДӘУРЕН» балабақшасының қызметкерінен туберкулез ауруы анықталғаны туралы ақпарат келіп түсті. Қызметтік тексеру жүргізу үшін жұмыс комиссиясы құрылды, оның құрамына денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері кірді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдай жыл сайынғы профилактикалық тексеру аясында анықталған. Қазіргі уақытта қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жұмыстан шеттетілді. СҚО бойынша дезинфекциялау орталығының мамандары нысанның барлық жерінде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.

«Залалсыздандыру екі кезеңде жүргізілді: «тыныштық сағатында» бассейн, ойын бөлмелері мен дәліздер дезинфекцияланды, сағат 19.00-ден кейін балабақшаның барлық басқа бөлмелері залалсыздандырылды», – делінген СҚО білім басқармасының хабарламасында.

Қызметкерлерді тексеру дүйсенбіде басталады. Байланыста болған балаларға екпе салынады. Зерттеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі. Бұл мәселе білім басқармасының бақылауында.

Shares