Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдық жас бишілер Omsk Best Champ халықаралық фестивалінде жеңіске жетті

Петропавлдық жас бишілер Omsk Best Champ халықаралық фестивалінде жеңіске жетті

Петропавлдан барған екі би ұжымы Omsk Best Champ халықаралық фестивалінде жетекші орындарға ие болды. Балалар мұндай ауқымды жобаға алғаш қатысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Сайысқа Омбы, Жаңасібір, Иркутск, Қарағанды, Астана қалаларынан келген бишілер қатысқан. Петропавлдан фестивальге екі ұжым барды: Vertex dance community және The stylish. VERTEX dance сommunity жаттықтырушысы Зарина Оспанова атап өткендей, балалар “СтанцыЯ” және “S’avancer” мектептерінің базасымен айналысады.

“Біз шамамен 30 адам бардық, 8-16 жас аралығындағы балалар. 4 би нөмірін көрсеттік. Олардың екеуі заманауи хореография (қазіргі) және екеуі көше биі (dancehall).  Біз қандай орын алатынымызды мүлдем білмедік, бәсекелестік өте күшті болды. Бүкіл Сібір мен Қазақстанның қалаларынан танымал командалар болды”, – деді Зарина Оспанова.

Фестиваль қорытындысы бойынша Vertex dance community би ұжымы 1 орын еншілдеді. Ал The stylish екі мәрте үшінші орын иеленді.

“Жарыс өте ауқымды болды, қатысушылар саны 1,5 мыңнан асты. Қазылар алқасында ТНТ арнасындағы байқаудың би жеңімпаздары мен қатысушылары және Мәскеу қаласынан танымал хореографтар болды”, – деп атап өтті бойжеткен.

Жастар үйге оралды, бірақ демалуға уақыт жоқ. 10 қарашада ұжымдар Астанада өтетін би байқауына қатысады.

Shares