Қарағанды қаласының азаматтық қорғаныс полкінің құтқарушылар тобы СҚО-ға келді
Солтүстік Қазақстан облысына Қарағанды қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің азаматтық қорғаныс полкінің құтқарушылар тобы келді. Жасақ құрамында 50 әскери қызметші және 5 бірлік техника бар, деп хабарлайды QZ News.
«Құтқарушылар топырақ үйінділеріне полипропилен материалынан қорғаныс жабынын орнату және инертті материалдармен қаптарды толтыру жұмыстарын бастайды», – деп мәлімдеді СҚО ТЖД.
Бұл шаралар су тасқыны қаупін азайтуға және Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерді қорғауға бағытталған.