Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қарағанды қаласының азаматтық қорғаныс полкінің құтқарушылар тобы СҚО-ға келді

Қарағанды қаласының азаматтық қорғаныс полкінің құтқарушылар тобы СҚО-ға келді

Солтүстік Қазақстан облысына Қарағанды қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің азаматтық қорғаныс полкінің құтқарушылар тобы келді. Жасақ құрамында 50 әскери қызметші және 5 бірлік техника бар, деп хабарлайды QZ News.

«Құтқарушылар топырақ үйінділеріне полипропилен материалынан қорғаныс жабынын орнату және инертті материалдармен қаптарды толтыру жұмыстарын бастайды», – деп мәлімдеді СҚО ТЖД.

Бұл шаралар су тасқыны қаупін азайтуға және Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерді қорғауға бағытталған.

Shares