Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Республика күнін мерекелеу аясында Петропавлда өнер көрсетеді

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Республика күнін мерекелеу аясында Петропавлда өнер көрсетеді

Петропавлда Республика күні кең көлемде атап өтіледі. Тартымды бағдарламаны облыс орталығының әкімдігі дайындады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Республика күні алғаш рет 1995 жылдың қазан айында Ұлттық мереке болып жарияланды. Тиісті Жарлыққа елдің Тұңғыш Президенті қол қойды. 2009 жылы Қазақстанда мереке күшін жойды. 2022 жылғы 16 шілдеде өткен Ұлттық Құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазанға Ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.

25 қазанда Петропавлда ауқымды шаралар жоспарланған. Сағат 10:30-да облыс орталығының орталық алаңында туды көтеру салтанатты рәсімі өтеді, одан кейін актер Дәулет Әбдіғапаровтың қатысуымен концерттік бағдарлама  жоспарланған.

Сонымен қатар, “Қазақ елім” интерактивті ойыны, “Жүзден жүйрек” спорттық ойыны өтеді.

Ғ.Мүсірепов атындағы кітапханада өтетін “Тәуелсіздік шыңдары” атты дөңгелек үстелде студенттермен әңгімелесу, “Менің Қазақстаным” квест-викторинасы және “Мен өз Республикамды жақсы көремін”суреттер көрмесі өтеді.

Ал бокстан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан үш күндік ашық қала чемпионаты басталады.

Сағат 15:00-де орталық алаңда қала тұрғындары арасында викторина жоспарланған, сұрақтар әртүрлі болады, кез-келген адам қатыса алады.

15:30-дан 17:30-ға дейін “Сағындырған әндер-ай” концерттік бағдарламасы өтеді (репертуар 1990-2000 жж.).

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары: Жұмахан Айдын, Хасен Еркеш, Нұржан Керменбаев, Liili қатысуымен “Жаңа ұрпақ” атты жастарға арналған концерттік бағдарлама да дайындалды. Концерттің басталуы – сағат 18:00-де.

 

 

 

 

Shares