Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстанда 29 қазан – жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Қазақстанда 29 қазан – жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Қарағандыдағы шахтадағы төтенше жағдайға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Мемлекет басшысы 29 қазан – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын атап өтті”, – делінген хабарламада.

Қарағандыда Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 21 адамға дейін өсті. “АрселорМиттал Теміртау” баспасөз қызметі хабарлағандай, шахтада тағы 23 шахтер қалды.

Shares