Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстандық пара спортшылар жүлделі орындарға ие болуда

Қазақстандық пара спортшылар жүлделі орындарға ие болуда

Қытайда Пара Азия ойындары басталды, қазақстандық спортшылар бірнеше медаль жеңіп алды, оның ішінде алтын жүлде де бар, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Пара Азия Ойындарында Қазақстанға алғашқы алтынды пауэрлифтингші Давид Дегтярев әкелді. Ол 54 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Өз салмағында толағай 187 келі зілтемірді көтерді.

Пауэрлифтингтен 41 келі салмақта сынға түскен Тұрсынай Қабыл күміс жүлдегер атанды. Пара дзюдодан J2 сыныбында 48 келі салмақта сынға түскен Ақмарал Науатбек Қазақстан қоржынына тағы бір алтынды әкелді.

Shares