Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Құтқарушылар әуесқой балықшыларға жүгінді

Құтқарушылар әуесқой балықшыларға жүгінді

Күздің келуімен су айдындарындағы тіршілік тоқтамайды, өйткені балық аулауды ұнататындардың уақыты келді. Күз айлары – балық аулау үшін ең жақсы кезең деп саналады. Мұндай демалыс мәселеге айналмас үшін әуесқой балықшылар суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауы керек, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қараша мен желтоқсан аралығындағы күзгі мұз өте жұқа. Кешкі немесе түнгі суықта мұз бірсыпыра салмаққа төтеп бере алады, бірақ күндіз өте әлсіз болады. Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті балық аулау кезінде суда жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін және су айдындарының жанында аң аулау кезінде мыналарды білуді ұсынады:

– Балық аулауға барғанда ауа-райының болжамын ескеру қажет: желді ауа-райында және қараңғыда су қоймасына барудан аулақ болыңыз.

– Туыстар мен таныстарға балық аулау координаттары мен орнын көрсету қажет

– Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін жағадан алыс кетпей балық аулаған дұрыс

– Құтқару және сигнал беру құралдарының болуы туралы ұмытпаңыз

– Алкоголь ішуге қатаң тыйым салынады.

“Есіңізде болсын! Егер сіз осы қарапайым ережелердің барлығын сақтасаңыз, демалу жазатайым оқиғаларға әкелмейді және қайғылы жағдайға айналмайды”, – деп толықтырды СҚО ТЖД.

Shares