Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Қызылжар су» ЖШС инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаны орындамағаны үшін айыппұл салынды

«Қызылжар су» ЖШС инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаны орындамағаны үшін айыппұл салынды

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2023 жылға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметаның орындалуы туралы есептерге талдау жасады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру барысында «Қызылжар су» ЖШС бекітілген инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаны орындау бойынша міндеттемелерін орындамағаны анықталды.

«Осыған байланысты «Қызылжар су» ЖШС ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқарманың қаулысымен «Қызылжар су» ЖШС-не өндірісті қысқарту түрінде 8 860 800 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл толығымен төленіп, мемлекеттік бюджетке аударылды», – дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі.

Shares