Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Республика күні 200 солтүстікқазақстандық полицей еңбек етуде

Республика күні 200 солтүстікқазақстандық полицей еңбек етуде

СҚО полицейлері Республика күнін жеке құрамның гарнизондық жиналуынан бастады. Таңғы сағат 8 бастап 200 сыртқы бөлімше қызметкері Солтүстік Қазақстан полициясының ең ірі бөлімшесі – Петропавл қалалық басқарманың шеруіне шықты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тәртіп сақшыларына жүгінген облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев әрбір қазақстандық үшін республика күнінің маңыздылығын еске салды. Бұл күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Осылайша, ел тарихында тәуелсіз мемлекеттің болашақ мәртебесін алдын ала анықтаған жаңа бет ашылды.

“Облыс тұрғындары мен қонақтары мерекені тыныш қарсы алуы үшін полицейлер бұл күнді күшейтілген жұмыс режимінде өткізеді. Қоғамдық орындардағы адамдардың қауіпсіздігіне баса назар аударылып, патрульдеу күшейтілді. Барлық сыртқы қызметтер құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысады”,- деп толықтырды СҚО ПД өкілдері.

Shares