Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Республика күнін мерекелеу аясында студенттер қарттар үйінде концерт қойды

Республика күнін мерекелеу аясында студенттер қарттар үйінде концерт қойды

Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Болашақ» филиалы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен бірлесіп, қарттар үйінде концерттік бағдарлама ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жастар аға буынды мейраммен құттықтап, концерттік бағдарлама әзірлеп, патриоттық әндер шырқады. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, айтулы дата қарсаңында қарттардың көңілін аулап, қуаныш сыйлағысы келген.

«Біз қазыналы қарттарымызға қамқорлық көрсеткіміз келді. Осылайша ұрпақтар арасындағы байланысты нығайта отырып, біз өзіміздің қарт азаматтарымызды бағалайтын және қолдайтын қоғам құра аламыз. Олар елдің дамуына үлкен үлес қосты. Біздің басты міндетіміз – оларға ерекше көңіл бөлу», – дейді Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ студенті Анжела Щербинина.

Республика күнін мерекелеу аясында «AMANAT» партиясының белсенділері өңір бойынша концерттер, ғылыми конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар, қайырымдылық акциялар сынды түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатыр.

 

Shares