Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік Қазақстанда апта соңына қарай күн жылынып, қолайсыз ауа райы күтіледі
26 желтоқсанда Петропавлда көшпелі бұлт шығады. Күндіз термометрлер -6-11°C аязды көрсетеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі СҚО бойынша «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
27-сі күні облыс орталығында қар жауып, бұрқасын күтіледі, -4-6°C. 28 желтоқсанда бұл ауа райы сақталады, ауа температурасы -3-5 °С дейін төмендейді. 26 желтоқсанда облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Бұл күні термометр -5-10 °C көрсетеді. 27-сі күні облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғады,
-2-7 °C. 28 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығы сақталады, 0-5°С болады.