Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Smart Ustaz»: Петропавлда педагог-дефектологтардың біліктілігін арттыруға арналған тренинг өтті

«Smart Ustaz»: Петропавлда педагог-дефектологтардың біліктілігін арттыруға арналған тренинг өтті

Шығармашылық қабілетті арттыру, сыни тұрғыдан ойлауды жетілдіру, оқытудың жаңа әдістерін меңгерту. «Smart Ustaz» жобасының жетекші қазақстандық мамандары бүгінде осы және т.б. дағдыларға үйретуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мұндай тренингтер мұғалімдерге үнемі өзін-өзі дамытуға, сол арқылы оқу үдерісін жетілдіруге мүмкіндік береді. Курсқа барлығы 40 сағаттық сабақ кіреді.

«Жұмсақ дағдыларды» дамыту: ата-аналармен және балалармен қарым-қатынас және өзара байланыс, эмоционалдық интеллектті, сыни ойлауды, шығармашылықты дамыту, стигматизацияның алдын алу және эмоционалды шарықтап кетудің алдын алу. Осының барлығын жобаға қатысушыларға үйретеміз. Осының барлығы олардың біліктілігін шыңдап, жұмысын жақсартуға көмектеседі», – дейді «Smart Ustaz» жобасының тренері Ирина Якимова.

Shares