Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Солтүстік» ӘКК тұрақтандыру қорына 4 мың тонна ұн сатып алынды.

«Солтүстік» ӘКК тұрақтандыру қорына 4 мың тонна ұн сатып алынды.

«Солтүстiк ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры 4 мың тонна 1 сұрыпты ұн сатып алу үшін «DEZ» ЖШС-мен келiсiмшартқа отырды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Компания жыл бойына ӘКК сұраныстарына сәйкес өнімдерді жеткізеді. Тұрақтандыру қорының қоймаларында ұн топтастырылпайды. Жабдықтаушы тауарды сақтаудың оңтайлы жағдайын қамтамасыз етеді. Ал өтініш түскен соң ұнды сауда орындарына жеткізеді. Екі келілік қап 1-сортты ұнның бөлшек саудадағы бағасы – 253 теңге.

Ұнның бір бөлігі әлеуметтік нан пісіру үшін наубайхана кәсіпорындарына жіберіледі. 2020 жылдан бастап «Солтүстік» ӘКК АҚ арқылы ұн өндіруге арналған астық сатып алу үшін жергілікті ұн диірмені «айналмалы схема» бойынша қаржыландырылады.

 

 

Shares