Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Солтүстік» ӘКК тұрақтандыру қорының ауылдағы алғашқы сауда нүктесі ашылды

«Солтүстік» ӘКК тұрақтандыру қорының ауылдағы алғашқы сауда нүктесі ашылды

«Солтүстік» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының Қызылжар ауданы Бескөл ауылында сауда нүктесі ашылды. Бескөлдегі сауда нүктесі ауылдық жерлерде ашылған – бірінші, ал өңірдегі – сегізінші дүкен. Қалған жетеуі Петропавлда орналасқан, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ауылдық сауда нүктесіндегі ассортимент қалалықтардан еш айырмашылығы жоқ. Мұнда күріш, қарақұмық, макарон, 1 сұрыпты ұн, қант, тұз, күнбағыс майы, 1 санатты жұмыртқа, картоп, қырыққабат, сәбіз, тауық етін (аяқ, жамбас жағы) сатып алуға болады. Өнімдердің құны нарықтық бағадан төмен. Тұрақтандыру қорының барлық сауда нүктелеріндегі баға бірдей.

Сатушы Елена Лукина дүкен жұмыс істеген алғашқы күннің өзінде сауда нүктесіне 30-дан астам адам келгенін айтады.

«Ауыл тұрғындары бағаға таң қалды, тіпті сатып алынған тауардың жалпы сомасын қайта есептеуді сұрайды. Олар мені қателесіп, чекке бірдеңе қоспаған деп ойлайды. Барлық өнімдер таласа алынып жатыр. Әсіресе ұн мен жұмыртқа сұранысқа ие. Біздің сауда орнында қырыққабаттың келісі небәрі 95 теңге, картоп 100 теңге тұрады. Кейбір сатып алушылар DEZ ұны үшін арнайы келді. “Бұрын Петропавлдан алатынбыз, қазір осы жерден алуға ыңғайлы” дейді. Оның үстіне ұнның бағасы екі келілігі үшін – 253 теңге», – дейді Елена Лукина.

Петропавлда тұрақтандыру қорының сауда нүктелері «Дария», «Алтын Арман», «Тайга», «Алматы-Петропавл», «ҚызылЖар» базарларында, «Корона» және «Океан» сауда үйлерінде жұмыс істейді.

 

Shares