Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысы ақын Надежда Серова-Волковаға шабыт берді

Солтүстік Қазақстан облысы ақын Надежда Серова-Волковаға шабыт берді

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ақын Надежда Серова-Волковамен кездесу өтті. Оның еңбекжолымен қаланың жас тұрғындары жақынырақ танысты, деп хабарлайды Qz Media тілшісі.

Надежда Серова-Волкова Жамбыл облысы, Меркі ауылында дүниеге келген. Ол 40 жылдан астам уақыт акушер болып жұмыс істеген. 1992 жылы Солтүстік Қазақстан облысына көшуді жөн көріпті. Аққайыңдар өлкесіне келгесін нәзікжанды өлең жазуды бастаған. Ол өз шығармашыларында туған жерге, өмірге, отбасыға деген сүйіспеншілігін жырлайды.

«Жинақтарда, әсіресе біріншісінде мен туған жерге деген сүйіспеншілігімді кеңінен жеткізгім келді. Мерке және біздің Тянь-Шань таулары туралы жазамын. Даланы қатты жақсы көремін. Шабыт іздеп, қойшыларға, жайлауға баратын кездерім болды. Көргенімді жазып, басқалармен бөліскенді ұнатамын. Мұндай кездесудің жастарға берері мол», – деп атап өтті ақын Надежда Серова-Волкова.

Осы уақытқа дейін жазушының 6 ересек және 5 балаларға арналған жинағы жарық көрді. Надежда Вячеславовна әлі де жұмыс істеуді жалғастыруда және жаңа жылға дейін «Шанс» деп аталатын тағы бір басылымды шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, әйел фарфор мүсіншелерін жинауды жақсы көреді. Қазір бұйым саны 400-ге жуықтаған.

Кездесуде қатысушылар ақынға қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

Shares