Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысында тұтынушыларға 151 миллион теңгені қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысында тұтынушыларға 151 миллион теңгені қайтарылды

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 72 қызмет көрсететін 57 табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік реттеу аясында монополистердің әрекетінен тұтынушылар шығыны туындаған жағдайда енгізілетін уақытша өтемдік тарифтерді бекіту шарасы қолданылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, департамент 2023 жылы 20 реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша 16 субъектіге өтемдік тарифтерді қолданған. Бақылау нәтижесінде монополистердің 151,31 млн.теңге сомасында негізсіз кіріс алуына әкеп соққан тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалар талаптарының бұзылуы анықталды. Бұл сома тұтынушыларға 0,1%-дан 41,61%-ға дейінгі төмендетілген тарифтер арқылы қайтарылады.

Басқарманың бұйрығымен сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау және кіреберіс жолдары салаларында уақытша өтемдік тарифтер енгізілді. Сондай-ақ жылу энергиясы үшін төлем 24,14 млн теңге көлемінде қайта есептелді.

Сонымен қатар, тарифтік және инвестициялық міндеттемелерді бұзғаны үшін жалпы сомасы 22,37 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Олар мемлекет бюджетіне енгізілді.

Shares