Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстікқазақстандық көп балалы отбасылар сыйлық пен құттықтаулар алуда

Солтүстікқазақстандық көп балалы отбасылар сыйлық пен құттықтаулар алуда

Жаңа жылда барлығы ғажайыптарды күтеді, әсіресе балалар. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығының көпбалалы отбасыларын келе жатқан мерекемен құттықтады. Димаш және Газима Жакуповтар 7 баланы тәрбиелеп отыр, ал Светлана Кулага 8 баланың анасы, деп хабарлайды QZ News тілшісі. 

Өңір басшысы перинаталдық орталықта батыр аналар Әсемгүл Сагитова мен Манат Маханбеталиеваны қуанышты сәт — сәбидің дүниеге келуімен құттықтады. Екеуі де алты баланың анасы атанды. Орталықтағы басқа да аналар құттықтауға ие болды. Оларға мықты денсаулық, бақыт пен береке тіледі. 

Біздің өңір ана мен жаңа туған сәбидің денсаулығын белсенді түрде қолдайды, сапалы медициналық көмек және қамқорлық көрсетіледі. Орталықта барлық жағдай жасалған, 53 тәжірибелі дәрігерден тұратын персонал жұмыс істейді. Сондай-ақ, 10 акушер-гинеколог бюджет есебінен резидентурада оқып жатыр, бұл өңірдің медициналық кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. 

Биыл өңірде 4,2 мың бала дүниеге келді. Сондай-ақ, бала сүюді армандаған отбасыларға қолдау көрсетеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Аңсаған Сәби» бағдарламасы аясында қазіргі заманғы әдістер – ЭКО қолданылады. Осы жобаның арқасында тек биыл 102 бала солтүстікқазақстандық отбасыларға бақыт сыйлады.

Облыста 7,4 мың көпбалалы отбасы бар. Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, жеңілдіктер, автобуста тегін жүру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жеңілдетілген ипотека ұсынылады. Бұл шаралар көпбалалы отбасылардың өмір сапасын жақсартуға және балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Shares