Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстікқазақстандық полицейлер қоқыс үйінділермен күресті жалғастыруда

Солтүстікқазақстандық полицейлер қоқыс үйінділермен күресті жалғастыруда

Облыс полицейлері заңсыз тасталатын қоқыстарды анықтау мақсатында рейд жүргізіп жатыр. Есіл жағалары мен елді мекендердің шеткі жерлеріне ерекше назар аударылып отыр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өңірде 9-16 қазан аралығында тұрғындардың құқықтық санасын арттыру, мердігер ұйымдардың жұмысын тексеру, коммуналдық, құрылыс және басқа да қалдықтарды басқару саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған республикалық акция өтуде.

Есіл өзенінің жағалауы – Петропавлдың проблемалы аймақтарының бірі. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен демалушылар қоқысты биік жағадан немесе жақын жердегі шұңқырға тастайды. Бұзушылықтарды анықтаған полицейлер ережелерді бұзғаны үшін азаматтарға хаттама толтырады. Тұрғындарға ескерту немесе 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады, бір жыл ішінде жағдай қайталанса, 30 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

«Заңсыз полигондардың көбеюі – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Олар қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қауіп төндіреді. Анықталған полигондар шара қолдану мақсатында табиғатты қорғау басқармасының ақпараттық кітабына енгізіледі. Қоқыс шығаруды және сұйық қалдықтарды сорумен айналысатын мердігерлермен де белгіленген ережелердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Shares