Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі: «Зауыттарды тапсырыстар портфелімен қамтамасыз ету қажет»

СҚО әкімі: «Зауыттарды тапсырыстар портфелімен қамтамасыз ету қажет»

Ең алдымен мұнай өндіру саласына қондырғы шығаратын «Мұнаймаш» кәсіпорнына барды. Зауыт жылына 10 мың сорғыш штангаларды шығарып, Қазақстан нарығын қамтамасыз етеді.

Кейін өңір басшысы ламинатталған фанера шығаратын комбинатта болды. Бұл жас кәсіпорын жақсы нәтиже көрсетуде. Қазір инвесторлар ДСП шығаратын фабрика салуда. Жаңа желіні 2024 жылы іске қосу жоспарлануда.

Петропавл ауыр машина жасау зауыты ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастыруды қолға алды. Орталық Азияда мұндай форматтағы аппараттарды тек біздің зауыт шығарады. Дрондарды заң бұзушыларды қадағалап, суда және орманда адамдарды іздеу үшін пайдалануға болады.

Облыс әкімі заманауи және бәсекеге қабілетті технологиялар қолданатын Киров атындағы зауыттың жұмысымен танысты.

«Зауыттың бүкіл әлеуетін пайдаланып, тапсырыстар портфелі және өнім нарығымен қамтамасыз етіп, жоспардың орындалуын бақылау қажет», – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 

 

Shares