СҚО әкімі: “Жыл соңына дейін екі жатақхана қолданысқа беріледі”
Облыс орталығын аралау барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа нысандардың құрылысын тексерді, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.
Студенттерді жатақханада орынмен қамтамасыз ету – қаламыз үшін өзекті мәселе. Бүгінгі таңда тапшылық 2 мың орынды құрайды. Бұл мәселені шешу үшін облыс орталығында 1750 орынға шақталған 3 жатақхана салынуда.
«Жыл соңына дейін екі жатақхана қолданысқа беріледі. Үшінші нысанның құрылысы 2024 жылы аяқталады. Осының арқасында жатақханалардағы орын тапшылығы айтарлықтай азаяды», – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.