СҚО-да 100-ден астам сотталушының мәжбүрлі төлемі бар
Пробация қызметі бөлімі СҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Пробация қызметінің есебі бойынша 2023 жылдың басынан бастап мәжбүрлі төлемі бар 112 сотталушы тіркелді. Сот үкіміне сәйкес, берешек сомасы 6 млн теңгеден сәл асады. Ағымдағы жылдың басынан бастап 55 адам мәжбүрлі төлемді толығымен өтеді. Бұл – шамамен 3 млн теңге. Қарыздарының бір бөлігін 13 адам жауып тастады.
“Қазіргі уақытта пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері мәжбүрлі төлемді өтемейтін сотталғандармен белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде, атап айтқанда: есепке алынғандар жұмыспен қамтылу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі, инфрақұрылымдық жобалар бойынша бос жұмыс орындарымен танысады, ҚР ҚК 430-бабының “Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, қоғамдық жұмыстарға тартудан бастап 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейтіні айтылады”, – деп толықтырды ведомствода.