СҚО-да айуан әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта кәмелетке толмаған туған балаларын зорлаған әкеге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, жәбірленушілердің заңды өкілінің, куәгердің айғақтарымен, сондай-ақ сараптама қорытындысымен анықталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Үш жылға жуық уақыт бойы ер адам өзінің кішкентай қызы және кәмелетке толмаған ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен.
Айыпталушы мен оның қорғаушысы тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұрады.
«Сот Б.-ның жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде оның мас күйінде қылмыс жасағанын таныды. Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ. Жасалған аса ауыр қылмыстардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын ескере отырып, сот Б.-ға аса ауыр жаза тағайындау туралы шешімге келді. Сот үкімімен Б.-ға өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Яғни, сот қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және кінәлінің жеке басын ескере отырып, ең ауыр жаза тағайындап отыр.
Жазаны өтейтін орын төтенше қауіпсіз мекемесі болып белгіленді. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.