Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да арзандатылған дизель отынын таратудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

СҚО-да арзандатылған дизель отынын таратудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға баса назар аударады. «Іскерлік жол» жобасы аясында 1300-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, 25 іс оң шешім тапты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жедел жұмыстың арқасында арзандатылған дизель отынының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік туды. Ұлғайған сұранысты қалыптастыру, аймақтық операторлар арасында жеңілдетілген дизель отынын ашықтық қағидаттарын сақтамай бөлу, Солтүстік Қазақстан үшін жеңілдетілген отынды сатуға қысқа мерзім беру арқылы операторлардың мүдделерін лоббирлеу сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болды.

Тиісті ережелер бекітілгеннен кейін анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылады.

Shares