СҚО-да интернет алаяқтыққа қатысы бар 36 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 579 фактісі тіркелді. Тұрғындар арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында көрсеткіш 10,6 пайызға төмендеген, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«Талдау көрсеткендей, зардап шеккендер – 40 пен 60 жас аралығындағы адамдар, бұл жандарды алаяқ банк қызметкерлері ретінде өзін таныстырып, сан соқтырады. Биыл интернет арқылы алаяқтық жасаған 36 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, құқық бұзушылықтың бұл түрін жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 4 жылға дейін, ауыр қылмыс жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Адам алаяқтардың құрбанына айналса, дереу жақын жердегі полиция бөлімшесіне, 102 нөмірі немесе 102 қосымшасы арқылы хабарласуы керек.