Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да полиция қызметкеріне шабуыл жасаған теріскейлік сотталуы мүмкін

СҚО-да полиция қызметкеріне шабуыл жасаған теріскейлік сотталуы мүмкін

20 қазан күні кешке қарай СҚО Ақжар ауданының полиция бөліміне ауылдардың біріндегі мейрамханаға келген азаматтардың бірі төбелес шығарды деген қоңырау түсті. 23 жастағы жергілікті тұрғын шақыртуға келген полиция қызметкерлерінің көзіне түсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Медициналық куәландыру нәтижесі орташа күйдегі алкогольдік масаңдықты көрсетті. Жас жігіт уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Оған қатысты материал жинау барысында дөрекілік көрсетіп, жанжал шығарған. Полиция қызметкерлерінің жанжалды доғару туралы заңды талабын елемей, ашу үстінде тәртіп сақшыларының бірінің басына соққы жасаған. Бұдан бөлек, ауылдағы мейрамханада бұзақылық әрекеттерін жасағаны үшін ұсталғанға қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша іс қозғалды.

«Полиция қызметкерлері оның қолдарына кісен салуға мәжбүр болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл бапта билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерді орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану көрсетілген. Баптың санкциясына сәйкес 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 1 мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген»,- дейді аудандық ПБ бастығы полиция подполковнигі Еркін Махметов.

Shares